Өскеменде полицейлер жоғалған баланы 8 минутта тапты

432

 Денсаулық ерекшелігіне байланысты бала үйінің мекенжайын айта алмаған.

Өскеменде полицейлер жоғалған баланы 8 минутта тапты Фото: gov.kz

Өскеменде 9 жастағы бала жоғалып кеткені туралы хабар түскеннен кейін полицейлер оны небәрі 8 минут ішінде тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Сағат 13:00-де баланың анасы "102" нөміріне хабарласқан. Арада сегіз минут өткенде патрульдік полиция қызметкерлері автожанармай құю станциясының маңынан жалғыз жүрген баланы байқаған.

Бала денсаулық ерекшелігіне байланысты қайдан келгенін және үйінің орналасқан жерін түсіндіре алмаған. Полицейлер рация арқылы берілген бағдардағы белгілерді салыстырып, оның іздеуде жүрген бала екенін анықтаған.

Тәртіп сақшылары бірден анасымен байланысып, баланы ата-анасына тапсырды. Полиция мәліметінше, бала үйінің жанындағы стадионда ойнап жүріп, байқамай ұзап кеткен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу