Өскеменде полиция көлігі қаққан адам аурханада жан тапсырды

1104

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 10:30 шамасында Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған. 

Өскеменде полиция көлігі қаққан адам аурханада жан тапсырды

Полиция көлігі қағып кеткен қала тұрғыны қайтыс болды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Жол-көлік оқиғасы кеше сағат 10:30 шамасында Өскемендегі Тәуелсіздік даңғылы мен Стаханов көшесінің қиылысында болған. Ауыр жарақат алып, ауруханаға түскен жаяу жүргінші бүгін таңертең жан тапсырды. Бұл туралы ШҚО полиция департаменті мәлімдеді.

"Полиция қызмет көлігінің қатысуымен болған жол апатына байланысты қылмыстық іс енді ҚР ҚК 345 бап 3 тармағы бойынша жүргізілуде", – деп мәлімдеді ПД.

Департаменттің мәлімдеуінше, іс бойынша барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Сот-автотехникалық сараптамасы тағайындалды. Тергеу барысында жол-көлік оқиғасының барлық мән-жайы анықталып, жиналған материалдар негізінде заңды процессуалдық шешім қабылданады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу