Өскеменде полиция жоғалған 12 жастағы шетелдік баланы тапты

274

Бала 40 минут ішінде табылып, ата-анасына тапсырылды.  

Өскеменде полиция жоғалған 12 жастағы шетелдік баланы тапты Фото: gov.kz

Өскеменде сауда үйінде ата-анасынан адасып қалған 12 жастағы Қытай азаматы полиция қызметкерлерінің көмегімен табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға 16 тамызда шамамен сағат 15:30-да болған. Қытайдан Қазақстанға ата-анасымен бірге турист ретінде келген бала сауда үйінде адасып, ата-анасын өздігінен таба алмаған.

Хабарлама түскен бойда оқиға орнына Өскемен қаласы полиция басқармасының жергілікті полиция қызметі бөлімінің инспекторы, полиция аға лейтенанты Бекжан Акрашов барған. Полицейлер дереу іздестіру жұмыстарын ұйымдастырды.

Нәтижесінде 12 жастағы Zhang Tang Bo 40 минут ішінде табылып, ата-анасына тапсырылды.

Баланың анасы полиция қызметкерлеріне жедел көмегі үшін алғыс білдірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу