Сот үкімімен ол бас бостандығынан айырылды, деп жазады inbusiness.kz сайты Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Өскемен қаласында электронды бақылаудағы сотталған адам сүйіктісімен кездесу үшін геоаймақтан 2 рет заңды бұзып шығып кеткен. Пробация қызметкерлері қозғалыс орындарын – тұрғылықты орны мен жұмыс орнын алдын ала анықтады. Ер адам шектеуді қасақана бұзған болып шықты.
Бірінші жағдайдан кейін cотталушыға ескерту жасалған. Алайда, ескертуді екінші рет бұзғаны үшін сот электронды бақылауды бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырды.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу