Өскеменде резеңке етік саудасы қызып тұр

619

Өскеменде резеңке етік саудасы қызып тұр

Өскеменде екі-үш күннен бері ең өтімді тауар су етік болып тұр. Қаланың орталық базарында, "Заречный" базарында да бұл күндері су етіктің саудасы қызып жатыр. Кеше күннің көзі біршама суытқанымен су етік сатып алушылардың қарасы азаймады. Мереке күндерінің дүрбелеңі жұрттың жүрегіне тиіп қалса керек, деп жазады altaynews.kz.

Өскеменнің іші-сыртын тасқын су басып, көшелер көлге, көк тайғаққа айналғаннан бері қарттар мен балалар жағы сыртқа шығудан қалды. Сенбі, жексенбі күндері көшеге шықпақ түгілі, тұрғындардың ауласындағы қоқыс төгетін контейнерге жетуі мұң болды.

Толассыз жауған жаңбыр мен еріген қар суын кешіп жүру үшін бүгінде өскемендіктердің бәріне бір –бір су етік сатып алуға тура келуде. Шаһардың шалшық, балшық басқан көлкілдеген суға толы көшелерінен резенке етіксіз жүру мүмкін емес.

Сатушылар Қытай мен Ресейдікі деп айтқан резенке су етіктердің ең арзаны 2,5 мың теңге болса, қымбаты 10 мыңға дейін барады.

"Сенбі, жексенбі күні су етіктер қас-қағымда сатылып кетті. Жексенбі күні жаңылмасам 100 жұп су етік сатқан шығармыз. Бағасын көтеріп жатқан жоқпыз",- дейді "Заречный" базарында резеңке етік сатушы.

Қала тұрғындары болса егер қала көшелеріндегі суағарлар дұрыс жұмыс істеп тұрса, көшелер маңы жүйелі тазартылып отырылған болса шағын қаланың халқы мұншама әбігерге түспес еді, қыс бойы қалың қар да жауған жоқ қой дейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу