Наурыз мерекесімен қатар келген саяси науқан барысында қаладағы бірқатар сайлау учаскелерінде мерекелік дастархан жайылды. Таңнан бері дауыс беруге асыққан сайлаушылар ұлттық киім киіп, елге үлгі көрсетті.
- Тұрғындарға бауырсақ таратып, мерекелік дастархан жасау өте керемет идея. Еліміз үшін осындай айтулы күнде де біздің дәстүрлеріміз ұмыт қалмайтынына қуаныштымын, - дейді Өскемен қаласының тұрғыны Альфия.
Айтулы күні осындай шараны қала кәсіпкерлері 112 сайлау учаскесінде ұйымдастырған.
Ал, Глубокое, Алтай аудандарының сайлау учаскелерінде дауыс берушілерге арналған мерекелік жәрмеңкелер ұйымдастырылған.