Өскеменде салынатын жылу электр орталығының өңірдегі экологияға әсері айтылды

163

Жаңа нысан көмірмен жағылады.

Өскеменде салынатын жылу электр орталығының өңірдегі экологияға әсері айтылды Фото: Устинка LIVE

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Ермек Көшербаев жаңадан салынатын Өскемен жылу электр орталығына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Аймақ басшысының айтуынша, Шығыс Қазақстанда электр және жылу энергиясының тапшылығы байқалады. 

"Жылу электр орталығы Ұлан ауданының маңында салынатын болады. Бұл Өскемен қаласының маңындағы аудан. Онда зиянды шығарындыларды азайтуға көмектесетін технологиялар қолданылады. Біздің қалада салынған ЖЭО-лардың 60-70 жылдық тарихы бар. Әрине, көбінесе оларда қолданылатын жабдық көмірді жағу кезінде бөлінетін бөлшектердің көпшілігін ұстай алмайды", – деді облыс басшысы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Әкімдік жаңа ЖЭО құрылысы кезінде "Самрұқ-Энерго" компаниясына бұл факторлардың бәрі ескерілуі керек екендігін айтқан. 

"Ерте ме, кеш пе бұл жаққа газ келеді. Тиісті келіссөздер жүріп жатыр. Яғни, бұл жылу электр орталығын бірден газға ауыстыру мүмкіндігі болсын дегендей", – деді әкім.

ШҚО басшысы салынатын жаңа ЖЭО өңірдегі экологиялық жағдайды ушықтырмайды деп отыр. Ол үшін барлық нормалар сақталуы керек, деп есептейді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу