Өскеменде сауда орталығының алдында қарулы ер адам ұсталды

720

Өскеменде сауда орталығының алдында қарулы ер адам ұсталды

Кеше Өскеменде кешкі уақытта жергілікті тұрғынды ұстау арнайысы операция жүргізілді. Полицейлер жергілікті тұрғынды ірі сауда орталығының алдында ұстады. Ер адамның қолында пышақ пен мылтық болған, деп хабарлайды tengrinews.kz.

Айта кетейік, Daniel сауда орталығындағы арнайы операция жайлы әлеуметтік желі қолданушылары хабарлады.

Құқық қорғау органдарының мәлімдеуінше, ІІД кезекші бөліміне облыстың 20 жастағы тұрғынының тіркелмеген қаруды сақтап жүргені жайлы жедел хабарлама түскен.

"Ер адамды сауда орталығында ұстады. Жедел қызметкерлер жұмыс жүргізу барысында мылтық мен суық қару тапқан. Сауда орталығы мен ондағы аумақтың барлығы полицейлердің жұмыс істеуі үшін қоршауға алынды. Бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталады. Ұсталған ер адамның басқа да қылмысқа қатысы бар жоғы тексеріліп жатыр", – дейді ШҚО ІІД өкілі.

Полицейлер қазір ер адамға қарудың неліктен қажет болғанын анықтап жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу