Өскеменде сауда павильондары бар аялдамалар бұзылмайтын болды

805

Әкімдік пен кәсіпкерлер сауда павильондары бар аялдамаларды бұзбай, қайтадан жөндеуден өткізетін болып келісті.

Өскеменде сауда павильондары бар аялдамалар бұзылмайтын болды

Қайта жасалған тиісті эскизді қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі қарайтын болады, деп хабарлады inbusiness.kz Алтайньюс-ке сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, қала әкімі Жақсылық Омар сенбі күні қаланы аралау барысында, бірнеше аялдаманы тексеріп, нысан иелеріне ескерту жасаған болатын.

Шаhар басшысының пікірінше, аялдамалар тиісті түрде жабдықталмаған. Аялдамаларға бөлінген жердің үлкен бөлігін дүкендер алып тұр. Сондықтан қала әкімдігі кәсіпкерлердің жалға алу мерзімін ұзартпай, сауда нысандарын бұзып, орнына жылы аялдама салатынын айтқан болатын.

Алайда 15 ақпан күні кәсіпкерлер мен қала әкімі қайта кездесіп, бір шешімге келген. Кәсіпкерлер өз кәсіптерін жалғастыру үшін дүкен мен аялдама сызбасын қайта даярлауға дайын екендіктерін жеткізді.

"Біз әкімнің ескертуімен толықтай келісеміз. Біз жобаны қайда даярлап, бекіттіреміз. Кейін жалға алу мерзімін ұзартатын боламыз", – дейді "Smile" дүкенінің иесі Сергей Боровиков.

Кәсіпкерлер енді аялдамаларды жаңарту үшін немесе жылы аялдама орнату үшін қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімімен бірігіп жұмыс істейтін болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу