Өскеменде "Сергек" камералары бір жарым мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеген

1083

Олардың ішінде әкімшілік құқық бұзушылық және бірнеше қылмыстық құқық бұзушылықтар бар. 

Өскеменде "Сергек" камералары бір жарым мыңнан астам құқық бұзушылықты тіркеген

Алдыңғы жылдары қаланың жолдары мен қиылыстарына орнатылған бейне-кешендер өз "жемісін" бере бастады. Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Марина Гагарина камералардың жұмыс нәтижелері туралы баяндады, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Сергек" камералары жол қозғалысы ережелерінің бұзылуын ғана емес, сондай-ақ, қылмыстардың ашылуына да көмектеседі. 2019 жылы олардың түсірілімінің арқасында полиция 840-тан астам әкімшілік құқық бұзушылық пен үш қылмыстық құқық бұзушылықтың бетін ашты. Жыл басынан бері камералардың көмегімен 700-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық және екі қылмыстық құқық бұзушылық анықталды", – деді Марина Гагарина.

Сонымен қатар, оның айтуынша, "Серек" камераларының жұмысы кезінде Шығыс Қазақстан облысының бюджетіне төленген айыппұлдардан 107 миллион теңге түскен.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу