Өскеменде Oskemen Open – 2024 халықаралық шахмат турнирі басталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Турнирді Қазақстан шахмат федерациясы Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің қолдауымен ұйымдастырып отыр.
9 күн бойы швейцариялық жүйе бойынша 10 тур өтеді. Мұнда екі турнир бар: "Masters" және "Open".
"Masters" турниріне 15 елдің рейтингі 1900-ден жоғары 120 спортшысы қатысады.
"Open" турнирінде рейтингі 2100-ден аспайтын 74 қатысушы сайысқа түседі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу