Өскеменде қоғамдық аумақты ластаған 24 жастағы тұрғын әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Оқиға Бажов көшесіндегі дәмхананың автотұрағында болған. Бейнебақылау камерасы азаматтың шемішке шағып, қабығын жерге тастағанын тіркеген.
Полиция құқық бұзушыны анықтап, оған қатысты әкімшілік шара қолданды. Ластанған аумақ тазартылды.
Оқиға "Таза Қазақстан" іс-шарасы аясында анықталған.
Мұндай іс-шараларды өткізу құқық бұзушылықтардың жолын кесумен қатар, қоғамдық орындарда өзін-өзі ұстау мәдениетін қалыптастыруға, қоршаған ортаға және ортақ пайдаланылатын орындарға ұқыпты қарауға бағытталған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу