Өскеменде шілде айынан бастап жылу мен су ақысы қымбаттайды

483

Кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы өседі.

Өскеменде шілде айынан бастап жылу мен су ақысы қымбаттайды Фото: ашық дереккөз

Өскемен қаласында шілде айынан бастап жылу мен су ақысы 10 пайызға қымбаттайды. Нәтижесінде жылу желілерінің, сумен жабдықтау және кәріз жүйесінің бірқатар учаскесін жөндеуге мүмкіндік бермек.

Биыл қыс бойы Өскеменде жылу жүйелерінің ескіргендігінен тұрғындардан шағым жиі түскен болатын.

ШҚО табиғи монополияларды реттеу департаменті мен өңірлік сараптау комиссиясы "Өскемен жылу желілері" АҚ мен "Өскемен Су арнасы" коммуналдық кәсіпорнының өтініштерін қарады. Енді алдағы шілде айының 1-інен бастап қала тұрғындары үшін коммуналдық қызметтер ақысы 10 пайызға көтеріледі. 

- Мамандар кәсіпорындардан, оның ішінде Өскемен және Согра жылу электр орталықтарынан түскен өтініштерді мұқият зерттеді. Жылу мен су тарифіне қатысты инвестициялық бағдарламалар уәкілетті органмен бекітілді. Бұл 2023 жылдың соңына дейін жабдықтар мен құбырларға жоспарланған жөндеу жұмыстары түгелдей аяқталады деген сөз, - дейді департамент басшысы Арман Мәлік.

Тариф қымбаттағаннан кейін аталған кәсіпорындар қызметкерлерінің жалақысы республика бойынша орташа деңгейге дейін көтеріледі. Бұл кадр тұрақсыздығы мәселесін шешуге ықпал етпек. Себебі жалақысы аз, жұмысы көп мекемеде жұмысшылар тұрақтап істеуге ниет білдірмейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу