Өскеменде шорт-тректен 9-13 аралығындағы жасөспірімдер және қыздар арасындағы Қазақстан Республикасы чемпионаты басталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Бұл сында сегіз команда сапындағы 140 спортшы өзара үздікті анықтауда.
Атап айтсақ, шығысқазақстандық шорт-трекшілерден бөлек, Астана, Алматы қалаларынан және Қызылорда, Қостанай, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарынан келіп өз мүмкіндіктерін байқауда. Аталмыш спорттық іс-шара облыс орталығында осымен екінші мәрте өтіп отыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу