Өскеменде телефон ұрлаған күдікті SOS батырмасы арқылы жедел анықталды

294

Күдікті тәулік ішінде анықталды.    

Өскеменде телефон ұрлаған күдікті SOS батырмасы арқылы жедел анықталды Фото: gov.kz

Өскеменде қоғамдық орындардың бірінде азаматтың телефонын алдап алып кеткен ер адам "SOS" дабыл тетігінің көмегімен тәулік ішінде анықталды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Оқиға Назарбаев даңғылы бойындағы үйлердің бірінің маңында болған. Белгісіз ер адам 32 жастағы қала тұрғынына шұғыл қоңырау шалу қажет екенін айтып, ұялы телефонын сұрап алған. Телефонды қолына алған соң оқиға орнынан қашып кеткен.

Телефонынан айырылған азамат жақын маңдағы "SOS" дабыл тетігін басқан. Сигнал Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің жедел басқару орталығына түскен. Оператор жәбірленушімен байланысып, оқиғаның мән-жайын анықтағаннан кейін патрульдік полиция нарядтарына күдіктінің белгілері бойынша бағдар берілді.

Жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде полиция қызметкерлері күдіктінің жеке басын тәулік ішінде анықтады. Ол Өскемен қаласының 47 жастағы тұрғыны болып шықты.

Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалып, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Полиция "SOS" дабыл тетіктері төтенше жағдайда тұрғындардың полициямен жедел байланысуына мүмкіндік беретінін еске салды. Құқықбұзушылыққа тап болған азаматтар аталған жүйені пайдаланып, көмек шақыра алады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу