Өскеменде "СТО" күзетшілері газға уланып көз жұмды, деп хабарлайды altaynews.kz
Жастар көшесіндегі көліктерге техникалық қызмет көрсету станциясы аумағынан екі адамның мәйіті табылған. Бұл туралы хабар қаланың Төтенше жағдайлар басқармасына 9 сәуір күні сағат 09.36 шамасында келіп түскен.
Құтқарушылардың айтуынша, 1971 және 1985 жылы туған екі азамат пештен шыққан газға уланып, көз жұмған. Пештің тартқышы болмаған көрінеді. Оқыс оқиғаның себебі осы болуы мүмкін дейді мамандар.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу