Өскеменде студенттер арасында үздік сәулеттік жоба байқауы жарияланды

1157

 Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5 миллион теңге.

Өскеменде студенттер арасында үздік сәулеттік жоба байқауы жарияланды

ЖОО студенттері қала сәулетіне қатысты өз жобаларын ұсынуға мүмкіндік алды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Өскеменде студенттер арасында үздік сәулеттік жоба байқауы жарияланды. Байқау үш номинация бойынша өткізіледі: "Шағын сәулеттік формадағы ең үздік жоба", "Тұрғын үй, қоғамдық мақсаттағы ғимараттың ең үздік жобасы" және "Ең үздік қала құрылысы жобасы".

Жеңімпаз атанған студенттерге қаржылай сый-сияпат табысталады. Бірінші орынға – 130-дан 360 мың теңгеге дейін, екінші орынға – 75-тен 200 мың теңге аралығында, үшінші орынға – 45-тен 100 мың теңгеге дейін сыйақы тағайындалған. Байқаудың жалпы жүлде қоры – 5 миллион теңге.

Жұмыстарды қабылдау 15 наурызға дейін жалғасады. Байқаудың шарттары туралы толығырақ мәліметті Өскемен қаласы әкімдігінің ресми сайтынан алуға болады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу