Өскеменде су тасқынының алдын алу шараларына 60 миллион теңге бөлінді

1234

Биыл қалада су басу қаупі бар 22 аймақ белгіленген.

Өскеменде су тасқынының алдын алу шараларына 60 миллион теңге бөлінді

Өскеменде тасқынның алдын алу шараларына 60 миллион теңге бөлінді, деп хабарлайды Алтайньюс тілшісі.

Өскеменде былтыр көктемде 100 шақты үйді су басқан еді. Ал биыл алдын ала болжам бойынша, қалада су басу қаупі бар 22 аймақ белгіленген.

"Күні бұрын кесіп-пішіп ештеңе дей алмаспыз. Десе де өткен істен сабақ алған жайымыз бар. Күзде арықтарды ашып, арналарды тазарттық. Алдағы маусымға 30 техника мен 50 жұмысшы сай тұр. Ал толық дайындықты ақпанның соңында аяқтаймыз, – деді қала әкімінің орынбасары Тамара Рахимжанова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу