Өскеменде тағы бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

1320

Кәсіпорын нормативтен тыс қалдықтарды шығарып, қоршаған ортаға залал келтірген.

Өскеменде тағы бір кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

Шығыс Қазақстан облыстық экология департаментінің мамандары экологиялық заңнаманың талаптарын бұза отырып жұмыс істеген "Еңбек-Өскемен" мекемесінің жұмысын тоқтату туралы шешім шығарды, деп хабарлайды altaynews.kz.

Экологтардың айутынша, кәсіпорын нормативтен тыс қалдықтарды шығарып, қоршаған ортаға залал келтірген. Сондай-ақ, аталмыш мекемеге қатысты 331 және 332-баптары бойынша әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қозғалған.

Еске салайық, қыркүйек айынан бері экологтар ауаны ластап, қоршаған ортаға залал келтіруі мүмкін кәсіпорындар мен өндіріс ошақтарына тексеру жүргізіп келеді. Мамандар бұл ретте тұрғындардың арыз-шағымдарын ескеретінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу