Өскеменде тамақ күйігі жаңа хаттама негізінде емделе бастауы мүмкін

639

Адамның тамағы кеуіп, қышып, мазалары кете бастайды.

Өскеменде тамақ күйігі жаңа хаттама негізінде емделе бастауы мүмкін Фото: inbusiness.kz

Өскемен қаласының тұрғындары ауа сапасының жиі бұзылатындығын сан мәрте айтқан. Көбінесе, адамның тамағы кеуіп, қышып, мазалары кете бастайды екен.

Ресми деректерге сүйенсек, қалада бір жылдың ішінде 100-ден аса қолайсыз метеожағдай жарияланады екен. Тамағыңыз қышып, емделуге барсаңыз, "суық тиюге" қарсы ем жазып береді. Себебі, "тамақтың химиялық күюі" деген ресми диагноз жоқ.

"Тамақ құрғап, тітіркеніп тұр деп дәрігердің алдына барсаңыз, сізге тұмау немесе ангина деген диагноз қойып жібереді. Неге олай? Өйткені, 2006 жылдан бері аурулар жіктемесінен "тамақтың химиялық күюі" деген диагнозды алынып тасталған", - дейді ҚР Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің ШҚО бойынша өкілі Серік Мізімбаев.

Тұрғындардың айтуынша, ауаның бұзылуы көбінесе бұлтты күндері болады екен. Мәселе осыған дейін талай көтерілген. Келесі жылдан бастап, тамақ күйігі жаңа хаттама негізінде емделе бастауы мүмкін.

"Өңірдің экологиялық жағдайына байланысты халықтың арасында дәрігерлердің де құптап отырғанын көріп отырмын. Сондықтан осы клиникалық хаттамаларды жаңадан жаңғыртып қарауды көздеп отырмыз. Ол үшін белгілі дәрігерлеріміз, ғалымдарымыз Қарағанды, Семей медициналық университеттері жанынан осы мамандарымыздың көмегімен жұмыс тобы құрылатын болады. Жұмыс тобы хаттаманы әзірлегеннен кейін министрлік жанындағы комиссия арқылы бекітіледі", - дейді ҚР Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу