Өскеменде танымал брендтердің атын жамылып өнім шығарғандар жазаланды

667

Өскеменде танымал брендтердің атын жамылып өнім шығарғандар жазаланды

 

Өскемен қаласындағы базарларда әлемге танымал брендтердің атын жамылған плагиат өнімдер сатылып келген. Бұл туралы бізге облыстық Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқықтары бөлімінің басшысы Айгүл Қабдрахманова айтты.

 Контрафакт тауарлардың арасында MacCofee шайлары мен Starline дабыл құрылғылары, Іkea жиһаздары мен мотор майлары жиі кездескен.

Былтырғы 12 айдың ішінде әділет мамандары облыс аумағынан осы тектес 10 құқықбұзушылық анықтағандарын айтады. Нәтижесінде плагиат саудамен табысқа кенелгісі келген азамттара 907 мың теңгенің айыппұлы салыныпты.

Айгүл Қабдрахманованың айтуынша бұл тек авторлық құқығы бұзылған компания өкілдерінің шағымынан кейін анықталған жағдайлар көрінеді.

"Бізге авторлық құқығы бұзылған фирмалардың барлығы бірдей жүгіне бермейді. Көбі ол жөнінен бейхабар. Тіпті әлемге аты әйгілі өндірушілер үшін бұл сондай бір шығын да болмауы мүмкін. Бірақ, екі ортада жасандылыққа алданған қарапайым халық сапасыз өнім тұтынып,  зардап шегеді" – дейді А.Қабдрахманова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу