Өскеменде тәртіп сақшысына пышақ сілтеген ер адамға қатысты іс қозғалды

790

61 жастағы қала тұрғыны бұған дейін де сотты болған екен. Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Өскеменде тәртіп сақшысына пышақ сілтеген ер адамға қатысты іс қозғалды

Өскеменде мас еркек полицияға пышақ сілтеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

"15 қаңтар күні біздің қызметкерлер ішімдікке қатты масайған ер адамды тоқтатып, құжаттарын тексермек болған. Тәртіп сақшыларының заңды әрекетіне бағынғысы келмеген тұрғын, күтпеген жерде полиция сержантына пышақ сілтеді. Сержант кеуде тұсынан жарақат алды. Соған қарамастан жанындағы серігімен бірге қашпақ болған айыптыны ұстады", – деп мәлімдеді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

61 жастағы қала тұрғыны бұған дейін де сотты болған екен. Енді оған қатысты ҚР ҚК 380 бап 2 тармағы бойынша іс қозғалып, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу