Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды

221

Өскемен қаласында бесінші қабатта тұратын 83 жастағы әже терезе жуамын деп құлап кетті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскеменде терезе жуамын деп бесінші қабаттан құлаған әже көз жұмды Фото: canva

Оқиға 30 шілде күні қаладағы Алматы көшесінде болған.

– Анықталғандай, қарт әйел бесінші қабатта терезе жуған кезде қауіпсіздікті сақтамаған. Соның салдарынан құлап кетіп, алған жарақаттарынан оқиға орнында қаза болды, – деп хабарлады ШҚО Полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Қалалық Прокуратураның мәліметінше, былтыр Өскеменде 4 адам терезеден құлап кетсе, биыл мұндай 7 оқиға тіркелген. Оның үшеуінде көз жұмғандар – балалар.

Осы ретте, тәртіп сақшылары халыққа қауіпсіздік шараларын сақтамаудың салдары қайғылы жағдайға әкеліп соғуы мүмкіндігін ескертті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу