"Өскемен көлік компаниясы" ЖШС хабарлағандай, тоқтауға Нұрмағамбетов көшесінің бойы мен Чехов көшесінің қиылысындағы байланыс сымының үзілуі себеп болып, нәтижесінде 250 метрге жуық сым жерге құлаған.
Апат сымның тозуына байланысты болды, ауа температурасының күрт төмендеуі жағдайды ушықтырды.
"Өскемен көлік компаниясы" ЖШС-де апаттың себептерін жоюға үш сағаттай уақыт кетеді. Қазірдің өзінде жұмыс жүріп жатыр.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу