Өскеменде трамвайдың рельстері жаңартылатын болды

942

Өскемен көлік компаниясы директорының міндетін атқарушы Михаил Чайка жаңарту қысқа дейін жүргізілетінін жеткізді. 

Өскеменде трамвайдың рельстері жаңартылатын болды

Өскемен көлік компаниясы директорының міндетін атқарушы Михаил Чайканың айтуынша, биылғы кәсіпорынға бөлінген 250 миллион теңгеден трамвай жолдарын ауыстыруға қаражат қарастырылды. Қазіргі уақытта қажетті құрал-саймандардың келуін күтіп отыр. Одан соң дереу іске кірісіп кетпек, деп хабарлайды altaynews.kz.

"Трамвай Өскеменнің басты көліктерінің бірі болып келген, солай бола да береді. Алдағы уақытта трамвай жұмысын жақсартуға барынша күш саламыз. Мәселен, осыдан бұрын 2700 шақырым ұзын жолдың ток өткізгіш сымдарын ауыстырдық. Бұл – үлкен шаруа. Енді рельстер жаңартылады", – деген ол, темір жолды ауыстыру жұмысы қар түскенге дейін жүргізілетінін айтады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу