Өрт 4 шаршы метр аумақты шарпыған көрінеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz Altaynews сайтына сілтеме жасап.
Өртенген көліктің маңына қойған тағы екі көліктің бояуы бүлінген. Құрбандар мен зардап шеккендер жоқ.
ШҚО ТЖД көлікте өрт шығуына қауіптілігі жоғары агрегаттарды қолдану талабын орындамау себеп болуы мүмкін. Департамент одан өзге қасақана өртеу нұсқасын да ұсынып отыр.
ШҚО ТЖД көлікті арнайы шеберханада ғана тексерту керек екенін жеткізді.
Өрт шыққан жағдайда "101" нөміріне қоңырау шалу қажет.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу