Өскеменде ер адам автобуста кішкентай қыздарға тиіскен

162

Куәгерлердің айтуынша, ер адам автобуста шамамен 10-12 жастағы қыз балаларға тиіскен.  

Өскеменде ер адам автобуста кішкентай қыздарға тиіскен Фото: Видеодан скриншот

Келеңсіз жайтты автобуста отырған жолаушылардың бірі байқап, жеткіншектерге араша түседі, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Соның салдарынан ер адам мен жолаушының арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.

Оқиға видеоға түсіріліп, кейін желіге тараған. Жанжалдан кейін күдікке ілінген адам қашып кетіп, ізін суытқан.

Полицияның хабарлауынша, қазіргі уақытта оның жеке басын анықталып, оқиғаның барлық мән-жайы тексеріліп жатыр. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу