Өскеменде тұрғындар шағымынан соң көктайғақ кезінде себілетін қоспа сапасы тексерілді

680

Өскемен қаласының тұрғындары көшеге көктайғақ кезінде себілетін қоспадан аяқ киім мен көлік дөңгелегі бүлініп жатқанына шағымданған болатын.

Өскеменде тұрғындар шағымынан соң көктайғақ кезінде себілетін қоспа сапасы тексерілді

Соған орай ШҚО Экология департаменті тексеру жүргізді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

ШҚО Экология департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, "Таза Өскемен" кәсіпорнының көшеге көктайғаққа қарсы шашатын қоспасына тексеру жүргізілді.

Анықталғандай, олар техникалық тұз бен құмды қосып пайдаланған. Экологиялық кодекстің 238-бабына сәйкес, тыйым тек ас тұзына қатысты салынған. Оның үстіне бұл тұз техникалық тұзға қарағанда қымбатырақ. Сондықтан Өскеменде көшеге ас тұзын септі деген қисынға да келмейді.

"С.Аманжолов атындағы ШҚУ-дың зертханасында жүргізілген сынақтардың нәтижесі көрсеткендей, коммуналдық мекеме қолданған тұзда натрий хлоридінің массалық үлесі 95,84 пайызды құрады. Демек, кәсіпорынның көктайғаққа қарсы материал дайындауға пайдаланатын тұзы – техникалық", - делінген ақпаратта.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу