Өскеменде түрмеден қашқан жазасын өтеуші ұсталды

465

Қазір сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр.  

Өскеменде түрмеден қашқан жазасын өтеуші ұсталды Фото: ernur.kz

Өскемен қаласында түрмеден қашып кеткен адам бірнеше сағаттың ішінде ұсталды, деп хабарлайды inbusiness.kz ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

22 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы бойынша ҚАЖ департаментінің №16 түзету мекемесінде жазасын өтеп жатқан ер адам қашып кеткен. Белгілі болғандай, ол осыдан екі жыл бұрын тонау жасағаны үшін ҚР Қылмыстық Кодексінің 192-бабы 2-бөлігіне сәйкес бас бостандығынан айырылған.

ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, тәртіп сақшылары ақпарат түсе саласымен бірден жедел-іздестіру шараларына кірісті. Сотталған адам сол күні қолға түсті.

"Полицейлер ер адамды бірнеше сағаттың ішінде Өскемендегі көшелердің бірінде ұстады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК-нің 426-бабына (қамау орындарынан қашу) сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу