Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмысын бастады

517

Кешен жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптауға қауқарлы.

Өскеменде тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын кешен жұмысын бастады Фото: ortcom.kz

"Жасыл даму" АҚ қатты тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинаудың инфрақұрылымын дамыту жобасы аясында Өскеменде заманауи сұрыптау желісін іске қосты. Бұл туралы inbusiness.kz хабарлайды Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

Ведомство өкілдерінің мәліметінше, кешеннің ресми ашылуына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов, "Жасыл даму" АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұржан Қабдолданов және гректің "Sabo" компаниясының өкілдері қатысқан.

Қазақстанда алғаш рет іске қосылып отырған заманауи кешеннің жылына 100 мың тонна қалдықты сұрыптайтын мүмкіндігі бар. Автоматты сұрыптау жабдығының құны 2 660 000 еуроны құрайды. 2020 жылдың желтоқсанында сұрыптау желісін жеткізуге арналған үшжақты келісімге сәйкес, құрылғыларды гректің "Sabo" компаниясы орнатушы, "ӨКМ Операторы" қаржыландырушы және Өскемен қаласының әкімі жабдықтарды қабылдаушы ретінде мәміле жасаған.

Тұрмыстық қалдықтарды бөлек жинау мен сұрыптау жүйесін енгізу жобасының жол картасы аясында Өскеменде 1 274 бірлік еуро контейнер, қалдық шығаруға арналған арнайы 6 техника сатып алынған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу