Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған 31 жастағы ер адамға айыппұл салынды

446

Өскемен қаласының әкімшілік құқық бұзушылық істері жөніндегі мамандандырылған соты үкім шығарды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.  

Өскеменде тыйым салынған діни кітаптарды сақтаған 31 жастағы ер адамға айыппұл салынды Фото: inbusiness.kz

"Ер адамның ұялы телефонынан діни сипаттағы аудиоқосымша да табылды. Айыпталушы ҚР ӘҚБтК-нің 453-бабының 4-бөлігімен (Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысын күштеп өзгертудi, оның тұтастығын бұзуды, мемлекет қауiпсiздігіне нұқсан келтiрудi, соғысты, әлеуметтiк, нәсілдiк, ұлттық, дiни, тектiк-топтық және рулық араздықты қоздыруды, қатыгездiкке, зорлық-зомбылыққа бас ұруды және порнографияны насихаттауға немесе үгiттеуге бағытталған мәлiметтер мен материалдар қамтылған, бұқаралық ақпарат құралдарына жатпайтын өзге де өнiмдi Қазақстан Республикасының аумағында дайындау, сақтау, әкелу, тасымалдау, тарату) кінәлі деп танылды. Тәртіп бұзушыға 241 500 теңге айыппұл салынды", - делінген хабарламада.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу