Өскеменде үй өртеніп, жас жігіт қаза тапты

473

Өрттің аумағы 70 шаршы метрді құрады.

Өскеменде үй өртеніп, жас жігіт қаза тапты Фото: Instagram/112shygys

Өскемен қаласының Рылеев көшесіндегі тұрғын үйден өрт шығып, салдарынан 1996 жылы туған жігіт қаза тапты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өрт сөндірушілер келген кезде үйді ашық жалын шарпыған. Құтқарушылар дереу өртті сөндіруге кірісті. Өрт сөндірушілердің үйлесімді әрекетінің арқасында тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Өрттің аумағы 70 шаршы метрді құрады.

"Өрт кезінде үйден 1996 жылы туған ер адамның мәйіті табылды", – деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті.

ШҚО ТЖД тұрғындарды өрт қауіпсіздігі ережелерін қатаң сақтауға, от көздерін қараусыз қалдырмауға, сондай-ақ жылыту және электр құрылғыларының жағдайын уақытылы тексеріп отыруға шақырады.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу