Өскеменде үлескерлер баспанасына кіре алмай жүр

393

Олар үйдің ақысын төлеп қойған

Өскеменде үлескерлер баспанасына кіре алмай жүр Фото: inbusiness.kz

Өскемендегі құрылыс компаниясы мен үлескерлер арасында тағы да шу шықты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Қаладағы Жібек маталар комбинаты ықшам ауданында салынатын үйден пәтер алуға ниеттенген тұрғындар тиісті ақшасының жартысын алдын ала төлеп тастаған. Тіпті, үйдің ақысын толық төлегендері де бар. Бірақ, арада жасалған кейбір келісімшартта көрсетілгендей, баспананы беру мерзімі өтіп кеткен. Оған алаңдаған үлескерлер құрылыс тоқтап қалғанына алаңдап арнамызға шағым айтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу