19-20 ақпан аралығында Онкология және хирургия көпбейінді орталығының базасында онкопластикалық (органды сақтап қалатын) ота жасалады, деп хабарлайды altaynews.kz.
Орталықтың мамандары бұл жолы сүт безінің қатерлі ісігіне ота жасайды. Оларға Манчестерден (Ұлыбриятания) келген хирург Абсар Мохаммед жетекшілік етеді.
Absar Mohammed – Manchester Cancer сүт безі қатерлі ісігі басқармасының директоры, Pennien Acute hospital NHS Trust мамандандырылған клиникасының маманы.
Айта кетсек, Шығыс Қазақстанда сүт безінің қатерлі ісігі әйелдер ауруларының арасында бірінші орында тұр екен. Облыста жылына 300 әйелге осындай диагноз қойылуда
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу