Өскеменде үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді

121

Түтінге толған ғимараттан 8 адамды эвакуациялады.

Өскеменде үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді Фото: Бейнежазбадан

Өскемен қаласындағы Гоголь көшесінде орналасқан үш қабатты тұрғын үйдің шатыры өртенді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Оқиға орнына жеткен өрт сөндіру бөлімшелері түтінге толған ғимараттан 8 адамды эвакуациялады. Құтқарушылардың жедел әрекетінің арқасында оттың одан әрі таралуына жол берілмеді. Өрт 100 шаршы метр аумақта толық сөндірілді", – делінген хабарламада.

Өрттің шығу себебі анықталып жатыр. Зардап шеккендер жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу