Өскеменде үшем дүниеге келді

577

Өскемен қаласында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Өскеменде үшем дүниеге келді Фото: inform.kz

ШҚО Денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, Өскемендегі Ана мен бала орталығында үшем жарық дүние есігін ашты. Бұл - Шығыс Қазақстан облысындағы биылғы алғашқы үшем.

Үшеуі де қыз. Шақалақтар шала туылғандықтан әуелде жансақтау бөліміне ауыстырылды. Кейін қайтадан перзентханаға жатқызылды. Қыздардың салмақтары – 2540, 2342 және 2030 грамм.

"Ата-анасы балаларына Алена, Маруся және Марина деп ат қойды. Жалпы өңірде үшем туатындар өте аз. Сондықтан бұл тек бір отбасы үшін емес, мұқым облыс үшін айтулы оқиға", – дейді Ана мен бала орталығының қызметкерлері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу