Өскеменде заңсыз тұрып келген 16 шетелдік анықталды

820

7-13 тамыз аралығында жүргізіліп жатқан "Тұрмыс" жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде 168 адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді.

Өскеменде заңсыз тұрып келген 16 шетелдік анықталды

ШҚО орталығында жүргізілген жедел алдын алу шаралары нәтижесінде 74 адамға қорғаншылық бағытында ескерту жасалып, ұсақ бұзушылық жасаған 126 азаматқа қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Бұл жөнінде Өскемен қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды altaynews.kz.

7-13 тамыз аралығында жүргізіліп жатқан "Тұрмыс" жедел алдын алу шарасы барысында Өскеменде 168 адам тұрғылықты жері бойынша тексеріліп, 74-не қорғаншылық бағытындағы ескерту жасалды. Олардың 17-не ерекше талап қажет болса, 14 адамның жағдайы төмен отбасылардың мүшесі екендігі анықталған.

Тамыздың 5-11 аралығында жүргізілген "Қауіпсіз аула" жедел алдын алу шарасы барысында түрлі бұзушылық жасаған 126 азамат ұсталды. Олардың 13-і рұқсат етілмеген жерде сауда-саттық жасаса, 21-і ұсақ заңбұзушылыққа барған. Бұдан бөлек, 33 адам қоғамдық орындарда мас күйінде жүрсе, 5 жасөспірім түнгі уақытта жалғыз-жарым жүрген. Сонымен қатар, 16 шетелдіктің ел аумағында заңсыз тұрып жатқаны анықталған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу