Өскеменде заңсыз жұмыс істеген 12 шетел азаматы анықталды

423

Олар 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді.

Өскеменде заңсыз жұмыс істеген 12 шетел азаматы анықталды Фото: Хабар24

Рейдтік іс-шаралар өткізу барысында “Заңсыз келуші – 2023” ЖПІШ аясында көші-қон қызметінің қызметкерлері Өскеменде заңсыз жұмыс істейтін 12 Өзбекстан азаматын анықтады, деп хабарлаған inbusiness.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының айтуынша, шетелдіктер уәкілетті мемлекеттік органның тиісті рұқсатынсыз заңсыз жұмыс істеген. Барлық 12 бұзушы ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабының 4-ші және 5-бөлігі (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

"Жұмыс беруші әкімшілік кодекстің екі бабы, яғни шетелдік жұмыс күшін заңсыз тарту және шетелдіктердің болуы туралы хабарламау бойынша жауапқа тартылды. Ол 30 АЕК мөлшерінде айыппұл төлейді", деді ШҚО ПД КҚҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев. 

Жыл басынан бері Шығыс Қазақстан аумағында еңбек қызметін рұқсат беретін құжаттарсыз жүзеге асыратын 40 шетелдік азамат анықталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу