Өскеменде жалақысын арттыру үшін жалған құжат жасаған мұғалім сотталды

220

Өскемен қаласында "педагог-модератор" санатын алғаны туралы жалған құжат жасаған мұғалім сотталды, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.

Өскеменде жалақысын арттыру үшін жалған құжат жасаған мұғалім сотталды Фото: canva.com

Қалалық №2 соты баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, мектепте мұғалім болып жұмыс істейтін әйел "мұғалім-модератор" біліктілік санатын аяқтағаны туралы жалған сертификат жасаған. Содан соң жалақысын көтерту үшін құжатты оқу орнының директорына ұсынған. Алайда бұнысы әшкере болып, ісі сотқа жетті.

"Сот шешімімен ол ҚР Қылмыстық Кодексінің 385-бабы 3-бөлігіне (Көрінеу жалған құжат пайдалану) кінәлі деп таныды. Кінәсін мойындап, істегеніне шын жүректен өкінуі және бұрын сотты болмауы жауаптылықты жеңілдететін мән-жайлар ретінде танылды. Айыпталушыға 73 840 теңге айыппұл салынды", - делінген ақпаратта.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу