2003 жылғы Арина Максимовна Ананьева мен 2002 жылғы Виктория Сергеевна Кабанова 5 желтоқсан күні Өскемендегі "Жасөспірімдер үйінен" белгісіз бағытқа шығып кеткен. 6 желтоқсан күні полицияға хабар берген күзет инспекторының мәліметінде оқиға осылай баяндалыпты.
ШҚО білім басқармасына қарайтын, Абай даңғылының бойында орналасқан мекемеден екі қыз кешкі сағат 19.30-да шығып, қайтып орламаған.
Полиция таратқан дерекке сүйенсек, Арина Ананьева – 3 курс студенті. Белгілері: бойы 150-155 см, дене бітімі орташа, шашы мен көзінің түсі – қоңыр. Үстіне қара күрте, қара джинса, ақ етік киіген.
Ал Виктория Кабанова – 2 курс студенті. Беглілері: бойы 155 см, дене бітімі орташа, көзі мен шаның түсі – қоңыр.Үстіне қызыл күрте, көк джинсы, ақ түсті етік киген.
"Жасөспірімдердің қайда екені белгісіз. Іздеу жүріп жатыр", - дейді облыстық полиция департаменті басшысының орынбасары Жанболат Қалетаев.
Полиция жоғалған қыздарды көргендер болса, 8(7232)23-42-10, 23-42-02_нөмірі бойынша немесе "102" желісіне хабарласуды сұрайды.