Өскеменде "Желтоқсан алауы" мүсіндік композициясы бой көтерді

827

Композиция 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналады, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Өскеменде "Желтоқсан алауы" мүсіндік композициясы бой көтерді

Өскеменде Тәуелсіздік күніне орай желтоқсаншылардың рухына арналған "Желтоқсан алауы" атты мүсіндік композиция бой көтерді.

Жаңа нысан Ертіс жағалауындағы Ғашықтар аллеясы ауданында орналасқан. Композиция 1986 жылғы желтоқсан оқиғасына арналады. Композицияның авторы – белгілі мүсінші Нұрбол Қалиев.

Мүсіннің биіктігі 5 метрге жетеді. Мұз бейнесінде жасалған, оның дәл ортасында тәуелсіздіктің символы ретінде жалындаған алау бейнеленген.

Сондай-ақ композицияның үстінгі бөлігінде қыран бүркіттің мүсіні орналастырылған.

Мүсіндік композицияның ашылуына Желтоқсан оқиғасының қатысушылары келді. Шараның соңында жиналғандар мүсінге гүл шоқтарын қойды.

Айта кетейік, мүсін орнатылған көшеге жақын арада Желтоқсан атауы берілмек. Бұрын атауы болмаған бұл көше Пермитиннен Қабанбай Батыр көшесіне дейін созылып жатыр.

Таунар Қайратұлы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу