banner

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі сарапқа салынады

1185

Еліміздің барлық аймағынан 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде. 

Өскеменде жеңіл атлетикадан Қазақстан кубогі сарапқа салынады

12-13 қаңтар күндері Өскеменде жеңіл атлетикадан жабық ғимараттағы Қазақстан кубогі додасы өтеді, деп хабарлайды Olympic.kz. 

Жаңа жылдың алғашқы ресми жарысында еліміздің барлық аймағынан 200-ге тарта спортшы қатысады деп күтілуде. 

Турнир Ольга Рыпакова атындағы спорт кешенінде жалауын көтермек. 

Қатысушылар 60, 200, 400, 800, 1500 және 3000 метрге жарысудан сынға түседі. Сондай-ақ, үш қарғып секіру, ядро лақтыру, ұзындыққа, биіктікке секіру, кедергілер арқылы секіру және эстафетадан бақ сынайды. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу