Оқиға Өскемендегі Жеңіс даңғылының бойында орын алған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Белгілі болғандай "ВАЗ-2109" маркалы көлік жанып кеткен. Абырой болғанда зардап шеккендер жоқ.
Алдын ала болжам бойынша өрт көліктің электр жабдықтарының тұйықталуынан болуы мүмкін.
"Өрттің алдын алу үшін автомобиль иелеріне электр желісін қорғау құрылғыларына назар аудара отырып, автомобильге жылына екі рет техникалық тексеру жүргізу қажеттігін еске салады. Жанармай жүйесінде барлық қосылыстар қысқыштармен жақсы тартылуы керек. Сонымен қатар автокөлік салонында өрт сөндіргіш болуы керек", - дейді облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу