Өскеменде 2-3 баллдық жер сілкінісі тіркелді деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
ҚР ТЖМ "Сейсмологиялык зерттеу институты" ЖШС сейсмикалық станциялар желісімен 2 тамыз Астана уақытымен 23 сағат 15 мин жер сілкінісі тіркелді. Жер сілкінісінің эпицентр Алматы қаласынан 859 км Солтүстік-Шығысқа қарай Қазақстан аумағында орналасқан (ШҚО, Үлкен Нарын ауданы, Үлкен Нарын елді мекені, 70 км, Өскеменнен 224 км). Эпицентр координаталары 48.665º с.е. 84.840º ш.б. Тереңдігі 10 км, - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу