Өскеменде жоғалып кеткен 7 жасар бала саяжайдан табылды

566

Ұлы жоғалғаннан кейін анасы Өскемен қаласының Полиция басқармасына жүгінген.  

Өскеменде жоғалып кеткен 7 жасар бала саяжайдан табылды

Кәмелетке толмағанды табу үшін дабыл бойынша жедел-іздестіру тобы дереу жиналды, деп жазады inbusiness.kz polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Тәртіп сақшылары гүлзарларды, саябақтарды, жастар жиналатын орындарды, дәмханаларды, тұрғын үйлердің кіреберістерін мұқият аралап шықты.

"Жоғалған баланы іздеуге Өскемен қаласы ПБ жеке құрамының 270-тен астам қызметкері қатысты. Адасып қалды деген оймен тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған баланы түні бойы іздеді. Қабылданған шаралардың нәтижесінде бүгін таңертең кәмелетке толмаған баланы полиция майоры Мақсат Смекенов пен полиция капитаны Сержан Ақпаев саяжай қоғамдастықтарының бірінен тапты. Қазіргі уақытта оның өмірі мен денсаулығына қауіп жоқ. Ол үйіне аман-есен жеткізілді", – деді Өскемен қаласы Полиция басқармасының бастығы Андрей Мула.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу