Өскемен қаласында 3 ай бұрын жоғалып кеткен қарт кісінің денесі табылды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты ШҚО Полиция департаменті баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
74 жастағы азамат қала іргесіндегі Согра кентінде тұрған. Үйінен белгісіз бағытта шығып сол күйі оралмаған. Оны соңғы рет ауылдастары 7 қаңтар күні сағат 16:30 шамасында көрді.
Жедел-іздестіру шараларына полицейлер мен волонтерлер тартылды. Алайда зейнеткерді табу мүмкін болмады.
"Зейнеткердің денесі Согра кентіндегі ашық аумақтан табылды. Қазіргі уақытта оның неден көз жұмғаны белгісіз. Тиісті сараптамалар тағайындалды", - делінген хабарламада.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу