Өскеменде жолаушылар тасымалын жетілдіру мәселесі қолға алынды

1276

Мамандардың айтуынша, қазіргі кестенің жаңартылмағанына 20 жылға жуықтапты. 

Өскеменде жолаушылар тасымалын жетілдіру мәселесі қолға алынды

Өскеменде қала ішінде жолаушылар тасымалын жетілдіру әрі қолайлы ету мәселесі күн тәртібіне қойылды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Тиімді жолы қарастырылып, инфрақұрылымды сараптап, оны реттеу үшін 35 млн теңге тұратын арнайы зерттеу жұмысына тапсырыс берілді. Ал шаһар болса, күн санап үлкейіп келеді. Басты және соңғы аялдамалар арақашықтығы кей жерде 10 шақырымға дейін жетеді. Осылайша, автобустар кестеден қалып, екі ортада жолаушылар әуреге түседі. Өскемендегі 10 тасымалдаушы кәсіпорында 800-ге жуық көлік бар. Алайда олардың көпшілігінің зауыттан шыққанына 10-15 жылдан асып кеткен. Жаңа автобустар алуға компаниялардың қауқары жетер емес. Бүгінгі күні қала басшылығы инвесторларды тарту арқылы,5,4 млрд теңгеге автобус паркін жаңартуды көздеп отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу