Өскеменде жыл аяғына дейін 462 пәтер беріледі

589

Өскеменде жыл аяғына дейін 462 пәтер беріледі

Өскеменде жыл аяғына дейін 462 пәтерлі 6 үй қолданысқа беріледі. Бұл пәтерлерге "Нұрлы жер" мемлекеттік бағдарламасының салымшылары ие болмақ, деп хабарлайды kaz.altaynews.kz.

Үйдің 1 шаршы метрінің құны 100 мыңнан 137 мың теңгеге дейінгі аралықта. Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің мәліметінше, салымшылар жаңа жылды жаңа үйде қарсы алады.

Айта кетейік, "Нұрлы жер" бағдарламасына қатысушылар пәтер бағасының 20 пайызын жинауы қажет және жыл сайынғы 5 пайыздық жеңілдік алуға  мүмкіндіктері бар. Несиені 25 жылға дейінгі мерзімде төлеу керек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу