Өскеменде жылу желілеріне ескі құбыр салмақшы болған мердігерлік ұйымның әрекеті әшкере болды, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Шығыс Қазақстан облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті құбырлардың талапқа сай келмейтінін анықтаған.
Құзырлы мекемеге бұл жөнінде "Өскемен жылу желілері" акционерлі қоғамы хабарлаған.
"Өскемен жылу желілері" АҚ-ның хабарлауы арқылы сапасыз құбырларды орнатуға жол берілмеді. Бұл қала тұрғындарын уақтылы және сапалы жылумен қамтамасыз етуге ықпал етеді" , - деді Өскемен жылу желілерінің өкілі.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу