Оқиға Сәтпаев көшесіндегі жылы аялдамада болған. Ақпаратты ШҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растаған, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Зардап шеккен қыз ана мен бала орталығына жеткізілді. Ол жерде мамандар қызды қарап шықты. Қыз жеңіл жарақат алған, тері асты гематома түзілген", – делінген хабарламада.
Қазір қыздың жағдайы жақсы, тексерістен соң үйіне жіберілген.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу